aspan

ТЕҢГЕНІҢ МӘРТЕБЕСІН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БЕКІТУ ҚАРАЛАДЫ

Депутат Айдарбек Қожаназаров ұлттық валюта теңгені жаңа Конституцияда бекітуді ұсынды.
Депуаттың айтуынша, ұлттық валюта елдің экономикалық тәуелсіздігі мен егемендігінің негізгі құралдарының бірі. Теңге қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ішкі нарықты қорғайды және әлемдік экономикалық дағдарыстарға икемді түрде жауап беруге мүмкіндік береді.
Қожаназаров қазір теңгенің мәртебесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заңмен реттелетінін, алайда әлемдік қаржы жүйесіндегі өзгерістер жағдайында ұлттық валютаның мәртебесін Конституция деңгейінде бекіту маңызды екенін атап өтті.
«Қазақстанның ұлттық валютасы теңге екені Конституцияда анық әрі нақты бекітілуі керек деп есептеймін. Бұл – әлемдік тәжірибе. Әзірбайжан, Армения және Қырғызстан конституцияларында ұлттық валютаға қатысты нормалар бар. Ұлттық валютаны Конституцияда бекіту мемлекеттің экономикалық негіздерін нығайтып, валютаға қатысты кез келген күмәнді түсіндірмелердің алдын алады», – деді депутат.
Осыған байланысты депутат Комиссияға Конституция жобасына “Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге” деген тармақ енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ ШЫМКЕНТА ЗА ПОСЛЕДНИЕ 10 МЕСЯЦЕВ СОСТАВИЛ 14,8%

ЕГІСТІК АЛҚАПТАР ҰЛҒАЙЫП, ӨНІМДІЛІК АРТҚАН

ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІНІҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ ОТЫРЫП, ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ОРНЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН АРТТЫРУ — ОЛЖАС БЕКТЕНОВ БІРҚАТАР ТАПСЫРМА БЕРДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз