aspan

ЖАНЖАЛДАН КЕЙІН ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТКЕН СЕРІК СӘПИЕВТІҢ ОРНЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына уақытша басшы тағайындалды. Кадрлық шешім ведомствоның бұрынғы басшылығына қатысты қоғамда резонанс тудырған жағдайдан кейін қабылданды.
Басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы болып Берік Досымбеков тағайындалды.
Ол Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт саласында көпжылдық еңбек тәжірибесі бар маман.
Тағайындалғанға дейін ол Қарағанды қаласы әкімдігінің құрылымындағы дене шынықтыру және спорт секторының меңгерушісі қызметін атқарып, бұл салада он жылдан астам уақыт жұмыс істеген.
Оның профильдік және басқарушылық білімі бар. 2005 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті «Құқық саласындағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. Ал 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтап, «Мемлекеттік саясат және құқық» бағдарламасы бойынша мемлекеттік саясат және құқық магистрі дәрежесіне ие болды.
Берік Досымбековтің еңбек жолы спорт саласында, атап айтқанда жаттығу залында нұсқаушы болып жұмыс істеуден басталған. Әр жылдары ол коммерциялық және мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде басқарушылық қызметтерде еңбек етті.
2010 жылдың қазан айынан 2020 жылдың желтоқсан айына дейін Қарағанды қаласының дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты бас маман лауазымын атқарды.
2021 жылдан бері Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі құрамындағы дене шынықтыру және спорт секторының меңгерушісі қызметін атқарып келді.
Бұл тағайындау басқарманың бұрыңғы басшысы Серік Сапиев қоғамда резонанс тудырған оқиғадан кейін қызметінен кеткен соң жүзеге асырылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АСФАЛЬТ ОПЫРЫЛЫП, ТӨРТ КӨЛІК ШҰҢҚЫРҒА ТҮСІП КЕТТІ

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ПОЛИЦЕЙІНІҢ БАС ПОЛИЦЕЙІНІҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АРМАН БЕЙСЕНБАЕВ АТҚАРАДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Aspan info

Пікір қалдырыңыз