aspan

«АЛМАТЫ-МАҢҒЫСТАУ» ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ ТЕМІРЖОЛШЫНЫ ҚАҒЫП ӨЛТІРДІ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арыс – Түркістан учаскесіндегі Қостүйін станциясында жолаушылар пойызы адамды қағып кетіп, салдарынан ол көз жұмған.
«2026 жылғы 2 қаңтарда сағат 16:10-да Арыс – Түркістан учаскесінің Қостүйін станциясында №77 «Алматы – Маңғыстау» жолаушылар пойызының машинисі 78 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, шұғыл тежеуді қолданғанына қарамастан, адамды қағып кетті, зардап шегуші алған жарақаттарынан қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Қаза тапқан адам «Әскерилендірілген теміржол күзеті» (ВЖДО) қызметкері болған. Оқиға туралы Түркістан станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарланды. Қазіргі уақытта арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МАТЬ ПРИВЯЗАЛА РЕБЁНКА К БАТАРЕЕ И ИЗБИЛА: ПОЛИЦИЯ ЗАДЕРЖАЛА ЖЕНЩИНУ

Aspan info

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІ БЕКІТІЛДІ

Aspan info

АЛМАТЫДА ЖОЛДА КЕЛЕ ЖАТҚАН АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ КЕНЕТТЕН КӨЗ ЖҰМДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз