aspan

ҚАР БАСЫП ЖОЛДА ҚАЛҒАНДАР САНЫ АРТУДА

Қатты боран салдарынан бірнеше өңірде жолдар жабылды. Құтқарушылар жетуі қиын аумақтарға барып, 44 адамды эвакуациялады, олардың ішінде бес бала бар деп хабарлайды Төтенше жағдай министрлігі.
Әсіресе, Жетісу облысында жағдай қиын болған. Алакөл ауданында автожолдарды қар басып, қозғалыс тоқтады. Үшарал – Достық тасжолында 11 жүк көлігі мен алты жеңіл автокөлік қар құрсауында қалды. ТЖМ қызметкерлері екі баланы қоса алғанда 32 адамды жылыту пунктіне жеткізді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
Осыған ұқсас жағдайлар Ақтөбе облысында да тіркелді. Ырғыз ауданында, Құрылыс ауылының маңында төрт автокөлік қарға батып қалды. Құтқарушылар үш баланы қоса алғанда 12 адамды эвакуациялады.
Кеше түнде «ҚазАвтоЖол» ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысында жол жабылғанын хабарлаған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«OMIR SHYMKENT» этно-глэмпинг кешенінің құрылысы жоспарға сай жүргізілуде

ЖАРТЫ ТОННАДАН АСТАМ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНІП, ҮШ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ

2026 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ КҮШІНЕ ЕНЕДІ.

Пікір қалдырыңыз