aspan

СЕМЕЙДЕ ЖАҢА ТУҒАН СӘБИДІҢ ДЕНЕСІ ҚОҚЫС ЖӘШІГІНЕН ТАБЫЛДЫ

Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды.
3 ақпанда Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөліміне қоқыс жәшігінде сүлгімен оралған жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жеткен.
«Іс-шаралар барысында үйде босанған 20 жастағы қыз анықталды. Оның айтуынша, бала өлі туған. Сотқа дейінгі тергеу барысында баланың денесін контейнерде қалдырған қала тұрғыны анықталды», — дейді полиция. 
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. 
Полицейлердің айтуынша, нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберіледі, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады және болған оқиғаға қатысушылардың екеуінің де әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

SHYMKENT IT HUB – ИННОВАЦИЯЛАРҒА ЖОЛ АШАТЫН ОРТАЛЫҚ

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: компаниялар мен қонақүйлер сапа сертификатын алды

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ИНСТИТУТ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз