aspan

ДЕПУТАТ МҰРАТ ӘБЕНОВ ЗАҢСЫЗ НЕКЕ ҚИЯТЫН ИМАМДАРДЫ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҰСЫНДЫ

Мәжілісте депутат Мұрат Әбенов заңсыз қиылатын діни некелер тақырыбын көтерді. Депутат осындай рәсімдердің кесірінен әйелдер мен қыздардың құқығы жиі бұзылатынын айтты. Мұрат Әбеновтың айтуынша, заңсыз, діни тұрғыдан қиылған неке мәжбүрлі неке мен зорлық-зомбылықты жасыру үшін қолданылады.
“Кәмелетке толмағандарды ұрлағаннан кейін кейде діни неке қиылып, артынша жәбірленушіні отбасыдан қуып жіберетін жағдайлар кездеседі. Мұндай деректер Қызылорда облысы мен Шымкентте тіркелген. Бұған дейін діни қызметкерлерді жауапкершілікке тартуды ұсынғанмын, алайда ол бастамаға қарсы шыққандар көп болды”, – деді депутат.
Енді ол жаңа Конституция қабылданғаннан кейін нормаларды қатаңдатуға мүмкіндік бар деп санайды.
«Қызыңыз бұзылған, енді ешкім алмайды деді»: Шымкентте тағы бір отбасы 16 жастағы қызын алып қашқандар жазасыз жүр деп шағымданды
«Төсек салып жатқызайық, содан кейін өзі-ақ қалады»: Алып қашу құрбаны болған қазақстандықтардың жантүршігерлік оқиғалары
Ұсыныстар қатарында заңсыз неке қиятын имамдар мен басқа тұлғаларға:
5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік енгізу;
Зорлауды аса ауыр қылмыстар санатына көшіру және ең жоғарғы жазаны 15 жылға дейін ұлғайту бар.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Кәсіпкерлер палатасында жеке сот орындаушылар іс-әрекетінің заңдылығын сақтау мәселесі талқыланды

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ НАҚТЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Aspan info

Пікір қалдырыңыз