aspan

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЛЫҢДЫҚ ЖІГІТІНЕН 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАЛЫҢМАЛЫН АЛЫП, ҚАШЫП КЕТКЕН

Ақмола облысында 28 жастағы жігіт әлеуметтік желі арқылы қызбен танысып, жақын араласып кеткен. Біраз уақыттан кейін олар бірге Қосшы ауылында тұра бастаған. Кейін қыз жүкті болып, олар үйленуге дайындала бастаған.

Жігіт сүйгенін ата-анасымен таныстырғанымен, қыз жігіттің жақындарымен таныстыруға асықпаған. Ол өзінің Шымкенттен екенін айтқан. Жігіттің ата-анасы қызға 950 мың теңге қалыңмал беріп, 600 мыңнан астам теңгеге алтын әшекей сатып алған.

Біраз уақыттан соң әйел із-түссіз жоғалып, ақша мен әшекейлерді алып қашып кеткен. Кейін жігіт оның бұрын тұрмыста болғанын және үш баласы бар екенін білген.

Өзінің алданғанын түсінген жігіт полицияға жүгінген. Қазір алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, «қалыңдық» іздестіріліп жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДА ПӘТЕР ЖАЛДАЙТЫНДАР САНЫ ӨСТІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Құрметті Куртаева Балжан Сейтжанқызы!

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз