aspan

ҚАЗЫБЕК ИСА БАТЫЛ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ: ПАРЛАМЕНТТЕ МЕНЕН АРТЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҮШІН КҮРЕСКЕН ЕШКІМ ЖОҚ

«Осы Парламентте қазақ тілі үшін менен артық күрескен ешкім жоқ. Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау жөнінде депутаттық сауал жасағанымда, бір ауыз қолдау білдірмей, қайта қазақ тіліне қарсы шыққандар болды. Ал қазір солар тіл туралы “ақыл айтқышқа” айналып отыр», – деді Қазыбек Иса.

Ол соңғы жылдары Парламенттегі тілдік ахуалдың айтарлықтай өзгергенін атап өтті. Депутаттың айтуынша, бүгінде Мәжілісте депутаттардың 90 пайызға жуығы қазақ тілінде сөйлейді, ал өзге этнос өкілдері де мемлекеттік тілді меңгеруге бет бұрған.

Қазыбек Иса 2024 жылы «Ақ жол» партиясының бастамасымен Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілден емтихан тапсыру талабын заңға енгізу маңызды қадам болғанын айтты. Оның пікірінше, бұл норма елдің ұлттық қауіпсіздігі мен тіл мәртебесін күшейтеді.

Сонымен қатар депутат мемлекеттік қызметке тұру үшін қазақ тілін білу міндетін күшейтіп, тілдік тест жүйесін қайта қарау қажеттігін жеткізді. Ол қазіргі геосаяси жағдайда тіл мәселесі ішкі саясат аясынан шығып, ұлттық қауіпсіздік факторына айналғанын атап өтті.

«Мемлекеттік тіл – ұлтымызды ұйыстыратын басты құндылық. Тәуелсіздікті алу қаншалықты қиын болса, оны сақтау да соншалықты жауапты міндет. Сондықтан тіл мәселесіне байыппен, бірақ табандылықпен қарауымыз керек», – деді депутат.

Қазыбек Иса Жаңа Конституция жобасында ұлттық құндылықтар, мемлекеттік тіл мен құқықтық егемендіктің айқын көрініс табуын қолдайтынын білдіріп, құжатты ел болашағы үшін маңызды қадам деп бағалады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАСЫНА 2 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАСЫНДА ЖАППАЙ ТӨБЕЛЕС БОЛДЫ

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН 214 АЗАМАТҚА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз