aspan

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСҚА БАРА ЖАТҚАН 50 ЖОЛАУШЫСЫ БАР АВТОБУС АУДАРЫЛЫП ҚАЛДЫ

31қаңтар күні Абай облысындағы Семей – Қайнар автожолында вахталық жұмысшыларды тасымалдаған автобус апатқа ұшырады. Көлікте 50 адам болған.
Абай облысында Семей – Қайнар тасжолында, Знаменка ауылының маңында 50 вахталық жұмысшысы бар автобус жолдан шығып, аударылып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші көлікті басқару барысында жол жиегіне шығып кеткен. Кадрлардан автобустың жолдан шығып, жол жиегінде бүйірімен аударылып жатқанын көруге болады. Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 31 қаңтар күні Семей – Қайнар автожолының 62-шақырымында болған.
«52 жастағы жүргізуші басқарған SETRA маркалы жолаушылар автобусы кюветке түсіп, бүйірімен аударылған. Автобус ішінде вахталық жұмысқа бет алған 50 жолаушы болған», – деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, зардап шеккендер өміріне қауіп төндірмейтін түрлі дене жарақаттарын алған. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілген.
Аталған факті бойынша тексеру басталды. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді қысқы кезеңде қала сыртындағы жолдарда жылдамдық режимін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайын ескеруге, сондай-ақ барынша сақ болуға шақырды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІ: ӘКЕ-ОТБАСЫ ТІРЕГІ

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ 99 ТҰРҒЫНҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛДІ

Пікір қалдырыңыз