aspan

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Салық кодексіндегі өзгерістер, еңбек қатынастары мен қаладағы кәсіпорындардағы қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ, мемлекет қажеттілігіне жер учаскелерін қайтару жұмыстарының барысы қаралды.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бейбіт Қарымсақовтың айтуынша, 2026 жылдан бастап салық есептілігі жеңілдетіліп, қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа мөлшерлемелері енгізіледі, бірқатар тауар мен қызмет түрлеріне жеңілдіктер қарастырылған. Әсіресе, шағын және орта бизнесті қолдауға басымдық беріліп отыр. Жеңілдетілген салық салу режимдері сақталады, ал салықты уақтылы төлемегені үшін салынған айыппұлдар сол берешек наурыз айының соңына дейін өтелген жағдайда жойылады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Жеңіс Мақұлбаев 2025 жылы ведомствоға 2 860 өтініш түскенін хабарлады. Нәтижесінде 2 001 қызметкердің еңбек құқығы қорғалды.
Өткен жылы өндірісте 19 жазатайым оқиға тіркеліп, 21 адам зардап шеккен. Негізгі себептер ретінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы және жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктер аталды. Сонымен қатар, Шымкентте Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу жалғасуда. 368 мекеменің 332-сі жүйеге штаттық деректерін енгізген. Қалған ұйымдарды қосу жұмысы жалғасуда.
Жер қатынастары басқармасының басшысы Азат Исламовтың айтуынша, 2025 жылы мемлекеттік қажеттілікке 406 жер учаскесі алынған. Жалпы аумағы 142,7 гектарды құрайтын 327 учаске бойынша өтемақы төленіп, 53 учаске бойынша тең бағалы жер телімдері берілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСІМІ РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛИ ТОРЖЕСТВЕННЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ, ПОСВЯЩЁННЫЕ ДНЮ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «RESPUBLICA ASYQ ATU» ТУРНИРІ ӨТТІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз