aspan

ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІ ТОҚТАТЫЛДЫ

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Астана және Алматы қалаларында бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасаған қылмыстық қауымдастық мүшелерін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктілерге адам ұрлау, бопсалау және бөтеннің мүлкін қасақана жою фактілері бойынша айып тағылып отыр. Алматы қаласындағы эпизодтардың бірінде қаскөйлер жергілікті тұрғынды ұрлап, күш қолданып, одан 12 млн теңге талап еткен. Бизнес өкілдеріне қысым көрсету, сондай-ақ оларды қорқыту мақсатында автокөліктерді өртеу фактілері тіркелді. 20-дан астам тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша, суық қару және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ ӨТКЕН АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

НОВАЯ КОНСТИТУЦИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН: КЛЮЧЕВЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ И ПРИОРИТЕТЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз