aspan

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІН ҚАБЫЛДАДЫ

‼️Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ негізгі қала құрылысы мен инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды.
▪️Дархан Сатыбалды:
➤ былтыр қысқа мерзімді экономикалық индикатор 12,8 пайызға көтерілгенін айтты.
✔️Мемлекет бюджетіне 6,6 триллион теңге салық пен міндетті төлемдер түскен.
➤ қаланың бірнеше орталығын дамытуға бағытталған жаңа стратегиялық бастамаларды таныстырды.
✔️Аталған тұжырымдама аясында заманауи IT-инфрақұрылым, көпфункционалды іскерлік кешендер, сондай-ақ тұрғындардың демалысы үшін абаттандырылған рекреациялық аймақтар жасақталады. Яғни бұл жұртшылық жиі баратын орындарға айналады.
➤ Алматы қаласының заманауи көлік жүйесін қалыптастыру жөнінде мәлімет берді.
✔️Жүрдек қоғамдық көлік жүйелерін дамыту тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, қаланы орнықты дамытудың негізгі факторы болмақ.
➤ Алматының Бас жоспарында ауаның еркін айналымын қамтамасыз етуді, шаһардың жоғары және орталық бөліктеріндегі шамадан тыс тығыз құрылысты тежеуді, сондай-ақ жасыл желектің аумағын үш есеге – 3 800 гектарға дейін ұлғайтуды көздейтін шешімдер қарастырылғанын жеткізді.
➤ 2025 жылы қала көшелері сапалы жарықтандырылып, қуаты екі есе артқаны жөнінде баяндады.
✔️Бұдан бөлек, қаланы абаттандыру, көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктерді безендірудің бірыңғай стандартына сәйкес саябақтар мен көшелерді жаңғырту шаралары жоспарланған.
➤ Алматы тау кластері жобасын дайындау жайында есеп берді.
✔️Қазіргі кезде «Медеу» базалық станциясы арқылы «Шымбұлақ» және «Ой-Қарағай» курорттарын біріктіруді көздейтін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары аяқталып қалды.
✔️Аталған жобаны жүзеге асыру нәтижесінде аспалы жолдардың саны 16-дан 62-ге дейін көбейеді, тау шаңғысы трассалары 250 шақырымнан аса ұзарады, ал демалыс аймақтары тәулігіне 40 мың адамға дейін қабылдай алатын деңгейге жетеді.
Мемлекет басшысы:
📌Алматы қаласының экономикасын одан әрі әртараптандыру, экологиялық жағдайын жақсарту, қаланың орнықты көлік және туристік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ қала ортасының сапасы мен тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
****

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҰСЫНЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Пікір қалдырыңыз