aspan

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ ҮЛГІСІ

2025 жылы Әл-Фараби ауданында қалалық инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және аумақты кешенді абаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.
Аудан инфрақұрылыммен толық қамтылған: ауыз су, электр жарығы және табиғи газ – 100%. Бұл – тұрғындар үшін тұрақты әрі қауіпсіз өмір сүрудің басты негізі.
Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 2025 жылы 32 балалар ойын алаңшасы мен 2 кешенді спорт алаңшасы орнатылды. Бұдан бөлек, 9 ашық спорт алаңшасына жөндеу жұмыстары жасалды.
Жарықтандыру саласында 133 негізгі көше толық жарықтандырылып, қосымша 36 тұйық көшеде жұмыстар аяқталуға жақын. Аулалар бойынша жоспарланған 112 үй ауласының 87-сі жарықтандырылып, көрсеткіш 77%-ды құрады.
Жол инфрақұрылымы да айтарлықтай жаңарды. Аудандағы 390 көшенің 365-і асфальтталған. 2025 жылы 117 көшеде асфальт толық жаңартылып, аудан көшелері 100% асфальтпен қамтылды.
Аяқжол салу және жөндеу бағытында 37 көшеде жұмыстар атқарылып, 27,5 шақырымға жуық жаңа аяқжол пайдалануға берілді. Ирригациялық жүйе бойынша 19 аулада 1 630 метр арық орнату жоспарланып, көшелердің басым бөлігінде жұмыстар аяқталды.
Қала келбетін жақсарту мақсатында 21 көппәтерлі үйдің қасбеті жарықтандырылып , 12 үйге мурал салу жұмыстары толық аяқталды.
2025 жылы демеушілер есебінен 5 жаңа сквер және 8 субұрқақ салынды. Бұл нысандар тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жаңа мүмкіндік берді.
Модернизация және реновация бағдарламасы аясында 20 көппәтерлі үй жаңғыртылып, 2029 жылға дейін 28 апатты үйді бұзу арқылы 235 отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда 4 мекенжайда құрылыс жұмыстары басталды.
2025 жыл Әл-Фараби ауданы үшін нақты істер мен өлшенетін нәтижелер жылы болды. Жүйелі жоспар, жауапты орындау және тұрғындармен кері байланыс – аудан дамуының басты кепілі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкентте кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдау мәселелері талқыланды

ҚАЗАҚСТАН МЕН АРМЕНИЯ АРАСЫНДА ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ АШЫЛАДЫ

Пікір қалдырыңыз