aspan

«КҮН САЙЫН АҚША СҰРАП ХАБАРЛАСҚАН»

«Күн сайын ақша сұрап хабарласқан»: Өскеменде қаза тапқан сарбаздың туыстары ұлдарының өзіне қол салғанына сенбейді

Түркістан облысынан әскерге кеткен тағы бір сарбаз табытпен оралды. Марқұмның анасы 20 жастағы ұлының қысым көргеніне сенімді. Сөзінше 20 жастағы жігіт бөлімшеге барғалы жақындарынан, достары мен әріптестерінен ақша сұрап келген. Ал мәйітті алып келген командирлер Қазыбек Оспановтың өзін-өзі атып өлтіргенін айтқан.
Марқұм әскерге өз еркімен кетпеген дейді жақындары. Көзі нашар көретін жігіттің диагнозы да болған екен. Сәуір айында күзетші болып тұрған жерінен күштеп жөнелтті дейді жақындары.
Ал қорғаныс министрлігі Қазыбектің әскерге өзі қалауымен барғанын алға тартады.
Марқұмның жақындары Қазыбектің өлімінде жұмбақ көп дейді. Қарауылдауға барған сарбаздың қызмет барысы камераға түссе де, неге екені белгісіз дәл басына оқ атылған сәті жоқ дейді. Қала берді сот медицина сараптамасында бас ми жарақатынан ажал құшқаны жазылғанымен мөр қойылмаған екен.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Олжас Бектенов об удвоении ВВП: Задача амбициозная, но достижимая

ШЫМКЕНТТЕГІ ӨЛІММЕН АЯҚТАЛҒАН ЖАППАЙ ТӨБЕЛЕС: АМАН ҚАЛҒАН АЗАМАТТЫҢ ЖАҒДАЙЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Aspan info

Владимир Ли Қазақстанның даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болды

Пікір қалдырыңыз