aspan

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: ЕЛІМІЗДЕ ЖАҢА ТӨРТ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде фармацевтика саласында отандық өндіріс үлесін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Үкімет фармацевтикалық өндірістерді локализациялау бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «АлтИНФАРМ» ЖШС, «МСП-РОМФАРМ» ЖШС, «Абди Ибрагим Глобал фарм» ЖШС және «Нобел Алматы фармацевтика фабрикасы» АҚ арасында инвестициялар туралы келісімдер жасасуды мақұлдады. Бекітілген жобаларға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 173 млрд теңге.
Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыларға қол қойды.
Жобаларды жүзеге асыру арқылы әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттарды қоса алғанда, 356 дәрі-дәрмек түрінің өндірісін локализациялау көзделген. Өндірістік желі онкологиялық аурулар мен қант диабетін емдеуге арналған дәрілерді, сондай-ақ иммунобиологиялық, вирусқа қарсы, антианемиялық, ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы, суық тиюге қарсы және микробтарға қарсы препараттарды қамтиды.
Жаңа кәсіпорындар Алматы қаласында (екі жоба), сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстарында орналасады.
Атап айтқанда, «АлтИНФАРМ» ЖШС жобасы бойынша фармацевтикалық зауытты Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында салу көзделіп отыр. Инвестиция көлемі 58,5 млрд теңгеге бағалануда. Жоба аясында 54 дәрілік зат түрін шығару жоспарланған, оның 35-і – әлеуметтік маңызы бар препараттар. Өндірістік портфельге иммунобиологиялық препараттар, сондай-ақ онкологиялық аурулар мен қант диабетін емдеуге арналған дәрі-дәрмектер кіреді. Жоба аясында 60 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Стратегиялық серіктестер ретінде Sinopharm, Sinovac және Kangtai Biological Technology компаниялары қатысады.
«Нобел Алматы фармацевтика фабрикасы» АҚ жобасы сондай-ақ Алматыда халықаралық GMP стандарттарына сәйкес белсенді фармацевтикалық ингредиенттерді, дәрілік заттар мен биопрепараттар өндіруге арналған фармацевтикалық кешен салуды көздеп отыр. Инвестиция көлемі – 39,2 млрд теңге. 53 дәрілік зат шығару жоспарланған, оның ішінде 17-сі – әлеуметтік маңызы бар. Жоба аясында кемінде 200 жұмыс орнын ашу көзделген.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ: ШЫМКЕНТТІҢ КӨШЕЛЕРІ 100% ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗА ТАПҚАН 21 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫҢ ТУЫСТАРЫ ПОЛИЦИЯНЫ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ ДЕП КІНӘЛАДЫ

Aspan info

🎓 Азаматтық қорғаныс орталығы ашылды!

Пікір қалдырыңыз