aspan

ҚАЗАҚСТАН АЛҒАШҚЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ OPENAI EDU FOR COUNTRIES ТОБЫНА ҚОСЫЛДЫ

OpenAI компаниясы OpenAI for Countries жаһандық бағдарламасы аясында Edu for Countries бастамасының алғашқы халықаралық тобын іске қосқанын жариялады. Қатысушы елдердің алғашқы легіне Эстония, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Грекия және Қазақстан кірді.
Қазақстанның бұл бастамаға қосылуы – жасанды интеллектінің білім беру саласына арналған мамандандырылған нұсқасы ChatGPT Edu-ды ұлттық білім беру жүйесіне жүйелі түрде енгізудің басталғанын білдіреді. Осылайша Қазақстан аталған халықаралық бағдарламаға қосылған Орталық Азиядағы алғашқы ел атанды.
Edu for Countries бастамасына қатысу елдің білім беру саясаты үшін стратегиялық маңызға ие. ЖИ-дің оқыту процесіне ықпалы жөніндегі жаһандық пікірталастар жағдайында Қазақстан жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайтынын, керісінше оның кәсіби мүмкіндіктерін күшейтетінін басшылыққа алады. ChatGPT Edu-ді қолдану педагогтердің әкімшілік және әдістемелік жүктемесін азайтуға, сондай-ақ оқыту сапасын арттыруға бағытталған.
Жоба 2025 жылғы 6 қарашада Мемлекет басшысының Америка Құрама Штаттарына сапары барысында қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандумы аясында қол жеткізілген уағдаластық негізінде іске асырылуда. Негізгі келісім OpenAI, Inc., Freedom Holding Corp. және өңірлік серіктес Bilim Group арасында жасалды. Жобаға мемлекеттік бюджет пен сыртқы гранттар тартылмайды — жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бұл іскерлік қоғамдастық көрсетіп отырған қолдауды айқындайды.
«Қазақстанның Edu for Countries алғашқы халықаралық тобына қосылуы Жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында жүзеге асуда. Бұл жасанды интеллектіні негізгі салаларға енгізудегі жүйелі тәсілді көрсетеді. ChatGPT Edu-ды педагогтерді қолдаудың және зерттеу ортасын дамытудың практикалық құралы ретінде қарастырамыз. Бағдарлама ұлттық білім беру стандарттарын, қауіпсіздік талаптарын және тең қолжетімділік қағидатын ескере отырып іске асырылады», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АСТАНАДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАЛАЙ АТАЛЫП ӨТЕДІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

АУҚЫМДЫ МАСЛЕНИЦА 2025

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ҚАЛАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Пікір қалдырыңыз