Оқиға 21 қаңтар күні Алматы облысындағы мектептердің бірінде болған. Таңғы уақытта 9-сынып оқушысының жағдайы кенеттен күрт нашарлаған. Мектеп әкімшілігі жедел жәрдем шақырып, баланың туыстарына хабар берген.
Алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмады. Оқушы оқиға орнында көз жұмды. Ол 26 ақпанда 16 жасқа толуы тиіс еді.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
