aspan

6 ЗАҢ ҚАБЫЛДАНЫП, 10 ЗАҢ ЖҰМЫСҚА АЛЫНДЫ: ЕРЛАН ҚАРИН БУРАБАЙДА ӨТКЕН ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ НӘТИЖЕСІНЕ ТОҚТАЛДЫ

Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайдағы құрылтайдың негізгі нәтижелеріне тоқталды.

— Құрылтайдың Бурабайдағы төртінші отырысынан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес, бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілді. Біріншіден, құрылтай бастауларын жүзеге асыру барысында Парламент депутаттарының қолдауымен былтыр 6 заң қабылданды, – деді ол.

Мемлекеттік кеңесші бұл заңдар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқыққа қайшы келетін контенттің таралуын шектеу, жекеменшік объектілерге атау беруді жүйелеу, қоғамдық орындарда бет-жүзді бүркейтін киімге тыйым салу, археология саласын реттеу бағыттарын қамтығанын еске салды.
Бұған қоса осы уақыт ішінде тағы 10 заң жобасы жұмысқа алынды, – деді Ерлан Қарин.
Бұған дейін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталғанын жазған едік.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҰҚК арнайы операциясы: Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 мүшесі ұсталды

ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙ АУДАНДАРЫНДА ЖАҢА ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КӨРІНІСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ІСКЕ АСАДЫ

Пікір қалдырыңыз