Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Н.Алмасбеков, оның орынбасарлары Қ.Сахов пен А.Қалдарбеков, Қаратау аудандық полиция басқармасының бастығы және оның тергеу жөніндегі орынбасары қызметтерінен шеттетілді. Сондай-ақ Шымкент қалалық ПД Тергеу басқармасының басшылығы да уақытша қызметінен алынды. Бұл жағдайға байланысты қылмысты жасыру деректері бойынша тергеулер басталуы мүмкін.
