Астанада бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері онлайнға ауыстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«2026 жылғы 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.
