aspan

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР «ONTUSTIK FIRST QUALIFIER 2026» БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Түркістан қаласында «Turkistan Robotics & Drone Championship 2026» аясында «Ontustik FIRST Qualifier 2026» халықаралық байқауының өңірлік іріктеу кезеңі өтті. Чемпионатқа Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан келген 120-дан аса команда және 1200-ден астам жас инженерлер, оқушылар, жаттықтырушылар мен сала сарапшылары қатысты.

Чемпионат FIRST Robotics және дрон технологиялары бағытында өтіп, қатысушылар роботтар арқылы ежелгі өркениеттерді зерттеу, тарихи нысандарды модельдеу бағытында жобаларын ұсынды.

Шымкент қаласынан 32 команда мен 132 оқушы қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша шымкенттік «Techno Explorers» командасы (6-10 жас, EXPLORE санаты) бас жүлдені ұтып алып, Орталық Азия чемпионатына жолдама алды.

Сонымен қатар, шымкенттік тағы екі команда Орта Азия кезеңіне квота иеленіп, олардың бірі «Үздік бағдарламалаушы» номинациясын қанжығасына байлады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ӘЙЕЛДЕР БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЭКОНОМИКА ЗНАНИЙ И ИННОВАЦИЙ ПУТЬ К ПРОГРЕССУ

Пікір қалдырыңыз