aspan

АТЫРАУДА 7-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ БАСКЕТБОЛ ЗАЛЫНДА ОЙНАП ЖҮРІП, КӨЗ ЖҰМДЫ

Атырауда 7-сынып оқушысы баскетбол залында ойнап жүріп, көз жұмды. Жеткіншек ойын кезінде есінен танып, жедел-жәрдем келгенше көз жұмған.

13 жастағы Абдулазиз Тасболат 2024 жылдан бері қаладағы баскетбол академиясында тұрақты түрде спортпен шұғылданып келеді. Әдеттегідей жаттығу залында ойнап жүрген ол кезекті матч кезінде кенеттен құлап, жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Қас пен көздің арасында болған жағдайдан мұндағылар әлі ес жинай алмай отыр.

«Оның барлық анықтама қағазы болды. Академияға келген бойда ата-аналар арнайы медициналық картаны тапсырады. Барлық жаттығу залында біздің қызметкерлер бар, қарап отырады. Егер бала ауырып тұрса, жаттыға алмайды. Бұл жағдайдың барлығы бейнебақылау камерасында көрсетілген. Жаттығу алдында еш шағымы болмаған. Ойнап жатқан кезде допты қағып аламын деген тұста құлап қалды», – деді Баскетбол академиясының директоры Ольга Пастух.

Ұстаздары «оқуда озат, білімді, өте белсенді оқушы әсіресе спортпен шұғылданғанды қатты жақсы көретін» дейді. Болашақта атақты спортшы болуды армандаған. Мұғалімдері оның бұған дейін денсаулығына қатысты шағымы болмағанын айтты.

«Сабақ үлгерімі өте жақсы. Гимназия сыныбында оқиды. Жастайынан спортқа бейім болды. Оқушының осыған дейін денсаулығында еш кінәрат болған жоқ. Мектеп жасына дейін ота жасалған. Бірақ мектеп қабырғасында ол жүрек талмасы ауруы ешқанан мазаламаған. Жыл сайын мектеп оқушылары медициналық комиссиядан өткізеді ғой, бәрі таза жақсы болды», – деді№ 16 Ж. Қаражігітов атындағы мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Испусинова.

13 жастағы жеткіншек бірнеше жылдан бері тіркеуде тұрған. Оған бұған дейін екі рет ота жасалған. Бірақ дәрігерлер денсаулығана қатысты еш шағым болмағанын айтты. Сондықтан тұрақты спортпен шұғылдануға рұқсат беріпті.

«Қайтыс болған бала диспансерлік есепте тіркелген. 2016 жылғы жүрек ақауына байланысты операция жасалған, 2021 жылы екінші отасын жасалды. 2022 жылы Астана қаласы балалар кардиохирургиялық орталығында консультациядан өткен. Үнемі бақылауда болды. Жүректің туа біткен ақауы диагнозы қойылған. Мамасы учаскелік дәрігерінен спортты жақсы көретінін айтып, рұқсатын алған. Туа бітті болған соң, сол кезден бастап есепке алынған», – деді № 1 қалалық емхана директорының міндетін атқарушы Асылхан Кучикова.

Оқыс оқиға қатысты полиция іс қозғап, тергеуді бастады. Ал оқыстан қаза тапқан оқушыны жақындары ертең жер қойнына тапсырады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕЛІМІЗДІҢ ӨҢІРЛЕРІНДЕ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖАЛҒАСУДА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ- ЖАСЫЛ БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАДАМ

Апта басындағы валюта бағамы белгілі болды

Пікір қалдырыңыз