aspan

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШ БІРДЕЙ ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Жаңа жыл Мақтаарал ауданы үшін жағымды жаңалықтармен басталып жатыр. Аудан аумағында бір күнде үш бірдей фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігі артты.
▪️Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Өнімкер, Ырысты және Қарақыр ауылдарында салынған жаңа медициналық нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, жергілікті тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде ауыл халқының денсаулығын жақсарту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, жаңа ФАП-тардың ел игілігі үшін ұзақ жылдар бойы қызмет ететініне сенім білдірді.
▪️Жаңа медициналық пункттер мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ/ГЧП) аясында салынған. Құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген талаптарға сай жүзеге асырып, ғимараттарды толық медициналық құрал-жабдықтармен қамтып, пайдалануға берген мердігер – «QAZ Goodwill» ЖШС.
▪️ФАП ғимараттары модульді үлгіде салынған, заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Мұнда ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуге, профилактикалық тексерулер жүргізуге және ана мен бала денсаулығын бақылауға толық мүмкіндік бар.
▪️Салтанатты шара барысында ауыл ақсақалдары мен тұрғындар аталмыш жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеткен облыс және аудан басшылығына, сондай-ақ «Мырзакент» аудандық ауруханасының бас дәрігеріне ризашылықтарын білдірді.
▪️Соңғы жылдары Мақтаарал ауданындағы ауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соңғы екі жылда 10-ға жуық ФАП пайдалануға берілген.
▪️Айта кетсек, былтыр Түркістан облысында 30-ға жуық фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ресми хабарлама

ТҰРАН АУДАНЫНДА ИРРИГАЦИЯ ЖҮЙЕСІ КЕҢЕЙТІЛУДЕ

АППАРАТ БАСШЫСЫ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Пікір қалдырыңыз