aspan

ЖЕКЕМЕНШІК КЛИНИКА БАСШЫСЫ МӘМС ҚАРАЖАТЫН ЖЫМҚЫРЫП, ИСПАНИЯДАН ҮЙ АЛҒАН

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2022 жылы Қор мен клиникалар арасында жалпы сомасы 2,4 миллиард теңге болатын медициналық қызметтер көрсету туралы шарттар жасалған. Оның ішінде жылжымалы медициналық пойыз қызметтері де бар.
Жоба іске қосылған соң клиникалар басшысы алаяқтық схема ұйымдастырған. Ақпараттық жүйеге жалған науқастардың дерегі енгізіліп, күніне 90-150 адамға дейін тіркелген.
Салдарынан нақты көрсетілмеген қызметтер үшін Қордан 682 миллион теңге заңсыз алынған.
2024 жылдың қаңтарында қылмыстық жолмен алынған табыстың бір бөлігі, яғни 364 миллион теңге клиникалар басшысы мен оның жұбайының жеке есепшоттарына аударылған.
Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның Испаниядағы қала сыртындағы үйіне, Астанадағы пәтеріне және автокөлігіне тыйым салынды.
Тергеу жалғасып жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

AMANAT: ШЫМКЕНТТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

В АГРОПРОМЫШЛЕННОСТИ ШЫМКЕНТА В ПЕРВОЙ ОЧЕРЕДИ – ВНЕДРЕНИЕ НОВЫХ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ И СТАБИЛИЗАЦИЯ ЦЕН НА ПРОДУКТЫ ПИТАНИЯ

В Шымкенте задержан руководитель управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог городского акимата

Пікір қалдырыңыз