aspan

ҚАЗАҚСТАНДА 2025 ЖЫЛЫ 33 ЖАҢА ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі экономиканы индустриялық дамыту және әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілді. Жаңа нысандар еліміздің әртүрлі аймақтарында орналасқан және машина жасау мен металлургиядан бастап химия және жеңіл өнеркәсіпке дейінгі өндірістік бағыттардың кең ауқымын қамтиды.
Іске қосылған өндірістік нысандар қатарында:
«Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС (Алматы қаласы, машина жасау) Инвестициялар – 182 млрд теңге, 3 600 жұмыс орны, қуаты жылына 120 мың жеңіл автокөлік шығару.
«KIA Qazaqstan» ЖШС (Қостанай облысы, машина жасау), қуаты – жылына 70 мың бірлік автомобиль, инвестициялар – 131,5 млрд теңге, 1500 жұмыс орны.
«EkibastuzFerroAlloys» ЖШС (қара металлургия, Павлодар облысы), қуаты – 240 мың тонна ферросилиция, инвестициялар – 92,4 млрд теңге, 800 жұмыс орны
«KamLitKZ» ЖШС (Қостанай облысы, машина жасау), қуаты – жылына 74 000 бірлік, инвестициялар – 82,5 млрд теңге, 550 жұмыс орны.
«KamLitKZ» ЖШС, Қостанай облысы, қуаты – жылына 90 000 бірлік, инвестициялар – 78,2 млрд теңге, 100 жұмыс орны
«Qaragandy Power Silicon» ЖШС (Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты), (қара металлургия, Қарағанды облысы), қуаты – жылына 175 мың тонна, инвестициялар – 62,7 млрд теңге, 1145 жұмыс орны.
«ТЭМПО-Казахстан» ЖШС (қара металлургия, Қарағанды облысы), қуаты – жылына 250 мың тонна, инвестициялар – 37,9 млрд теңгеден астам, 547 жұмыс орны
«ТексолТранс» ЖШС (машина жасау, Атырау облысы), инвестициялар – 30,8 млрд теңге, 180 жұмыс орны құрылды, шығару – 2 160 жартылай вагон, 885 платформа, 165 жабық вагон және 900 цистерна.
«Kazferro Limited» ЖК (қара металлургия, Павлодар облысы), ферросилиций өндірісі – 60 000 тонна, инвестициялар – 27 млрд теңгеден астам, 350 жұмыс орны.
«Гранд Материк» ЖШС (жеңіл өнеркәсіп, Атырау облысы): полиэтиленнен қап шығару – жылына 200 000 дана, инвестициялар – 10 млрд теңге, 35 жұмыс орны.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «ТӨЛЕМ» ЖҮЙЕСІНЕН AVTOBYS ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

Шымкентте бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионаты – Olimpbet-тің бірінші кезеңі өтті

Пікір қалдырыңыз