Атырауда жоғалып, өлі табылған ерлі-зайыптының денелерінде пышақ жарақаттары болған
Полиция мәліметінше, марқұмдардың денесінде шаншып-кесілген дене жарақаттары тіркелген. Полиция мәйіттерді сот-медициналық сараптамаға тапсырыпты. Қазір сарапшылар зерттеу жүргізіп жатыр екен. Енді өлімнің нақты себебін мамандар анықтайды.
Сондай-ақ қаза тапқан ерлі-зайыптының 32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиев пен 35 жастағы қызы Мирамгүл Қарабалина әлі іздестіріліп жатыр. Мирамгүл Қарабалина соңғы рет Атырау қаласында бейнебақылау камераларына түскен.
