aspan

БҮГІНГІ БАЛА – ЕРТЕҢГІ ЕЛ ТІРЕГІ

Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық – қоғамдағы аса өзекті мәселелердің бірі. Бұл тек физикалық әрекет емес, сонымен қатар психологиялық қысым, эмоционалды жарақат, әлімжеттік, кибербуллинг сынды көптеген түрлерді қамтиды. Осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, аудандық деңгейде ұйымдастырылған «Зорлық-зомбылықтың бала психологиясына кері әсері» атты семинар кеңесте мен де мектеп психологы ретінде өз ойымды ортаға салдым.
Семинар барысында балалардың қауіпсіз ортада өсу қажеттілігі, зорлық-зомбылықтың олардың танымдық, эмоционалдық дамуына, өзін-өзі бағалауына, қоршаған ортаға деген сеніміне тигізетін теріс әсері жан-жақты талқыланды.

 


Мен өз тарапымнан мектептегі қатыгездік пен буллингтің алдын алу бағытында жүргізілген психологиялық тренингтер, сауалнамалар мен диагностика нәтижелері негізінде баяндама жасап, тәжірибемен бөлістім. Әсіресе, буллинг құрбаны болған баланың бойында қорқыныш, тұйықтық, агрессия, өз-өзіне деген сенімсіздік байқалатынына назар аударттым.
Семинар аясында қатысушылармен тәжірибе алмасып, нақты жағдайлар талқыланып, болашақта бірлесіп жүзеге асырылатын алдын алу шаралары жоспарланды.
Бүгінгі бала – ертеңгі ел тірегі. Сондықтан біз – педагогтар мен психологтар, ата-аналар мен қоғам өкілдері бірлесе отырып, әр баланың бақытты әрі қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасауға атсалысуымыз қажет.

«Ж. Сүлейменов атындағы №70 жалпы білім
беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің педагог-психологы
Каликова Жанар Туякбаевна

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ПРЕЗИДЕНТ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШЫМКЕНТТІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНА АТТАНДЫ

Пікір қалдырыңыз