aspan

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУ: ШЫМКЕНТТЕГІ АВТОБУСТАР ПАРКІ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН АРТТЫРУ

Шымкент қаласында қоғамдық көлік жүйесін дамыту мен жолаушыларға ыңғайлы және сапалы қызмет көрсету бағытында 2024–2025 жылдары ауқымды жұмыстар атқарылды. Қала аумағында бүгінгі таңда 83 тұрақты маршрут жұмыс істейді, олар арқылы күн сайын 988 автобус жолаушыларды тасымалдауда. Атап айтқанда, 79 маршрут әлеуметтік маңызы бар бағыттар ретінде айқындалып, қаланың негізгі транспорттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Бұл бағыттар бойынша қызмет көрсету 12 көлік компаниясы арқылы шарттық негізде жүзеге асырылады.

 

Қалалық қоғамдық көлік паркінің жалпы саны 1 150 автобус бірлігін құрайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қалада тасымалданған жолаушылар саны 79,9 млн адамды құраса, ал 2025 жылдың 11 айының қорытындысында бұл көрсеткіш 86,0 млн адамға жетіп, 7,6 пайыздық өсім тіркелді. Бұл деректер Шымкенттегі қоғамдық көліктің жолаушылар арасында сұранысқа ие екенін және қызмет көрсету сапасының артқанын көрсетеді.

 

Автобус паркін жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қазіргі таңда 132 автобус 3 жылға дейінгі, 973 автобус 7 жылға дейінгі, ал 45 автобус 7 жылдан асқан көліктер санатына жатады. Тасымалдаушылармен түзілген шарттар бойынша қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мысалы, өткен жылы 19 жаңа автобус сатып алынған болса, биыл 88 жаңа автобус паркке қосылды. Бұл жаңарту көрсеткішінің 4,6 есеге артқанын білдіреді.

 

Автобустарды газ-метан отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында «Shymkent Bus» ЖШС автопаркі аумағында үшінші газ құю станциясы салынып, пайдалануға берілді. Бұл қадам экологиялық таза отынды қолдануды қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдық көліктің жұмысын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

 

Шымкент қаласының әкімдігі қоғамдық көліктің сапасын арттыру, жолаушылардың ыңғайлылығын қамтамасыз ету және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын алдағы жылдары да жалғастыра береді. Автобус паркінің жаңартылуы мен маршруттар желісін жетілдіру қаланың тұрғындары үшін қауіпсіз, сенімді және қолжетімді қоғамдық көлік жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

 

Қоғамдық көлікті жаңғырту арқылы қала тұрғындарының күнделікті сапарлары жеңілдетіліп, жолаушылар ағынының тиімділігі арттырылады, көлік кептелістері азаяды және экологиялық таза көліктерді пайдалану арқылы қала ауасының сапасы жақсарады. Осы жұмыстар Шымкенттің заманауи мегаполис ретінде дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасының жақсаруына айтарлықтай үлес қосып отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

 ГАЗ АПАТЫНАН 5 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Әлия Назарбаеваны рейдерлік жолмен басып алды деген айып тағылды

ШЫМКЕНТТЕ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАСТАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз