aspan

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМУЫ ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Қаратау ауданы соңғы жылдары инфрақұрылымдық тұрғыдан толығымен қамтамасыз етілуде. Аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыру бағытында маңызды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 99 пайызға жетті. Жоспар бойынша, биыл жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу көзделген.

Айта кету қажет, былтыр Сайрам және Қызылсу тұрғын алаптары мен «Алтын орда» шағын ауданын мемлекеттік ауыз су жүйесіне қосу қарастырылған болса, 2025 жылы мұндай жұмыстар Таскен және Тұран шағын аудандарында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Сайрам тұрғын алабындағы тозығы жеткен су құбырлары толықтай жаңартылды. Бұл жұмыстар тұрғындарға сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және су инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай етуге бағытталған.

Қаратау ауданында көше-жол инфрақұрылымы да жүйелі түрде жаңартылуда. Аудан аумағында жалпы ұзындығы 753 шақырымды құрайтын 896 көше бар. Оның ішінде 545 шақырымы асфальтпен, ал 208 шақырымы шағал таспен жабылған. Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін 107 көше, яғни 82,7 шақырым жол асфальтпен жабылды. Қазіргі таңда Ю.Сареми көшесі мен Алматы айналма жолы күрделі жөндеуден өткізілуде. Бұл көшелерді жаңарту көлік қозғалысын жеңілдетіп, қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аудан аумағында аяқжол салу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. 2025 жылы 7 елдімекенде жалпы ұзындығы 31,5 шақырымды құрайтын аяқжол төсеу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 3 елдімекенде 13,5 шақырым аяқжол төселді. Бұл жоба тұрғындардың жүріс-тұрыс жағдайын жақсартып, ауданның көркеюіне айтарлықтай үлес қосады.

Жалпы, Қаратау ауданының инфрақұрылымдық дамуы кешенді түрде жүзеге асырылуда. Ауданның әрбір елдімекені сапалы ауыз сумен, жарықтандырумен, жөнделген және жаңа асфальтталған жолдармен қамтылуда. Аяқжол жобалары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, инфрақұрылымды жаңарту саласындағы жұмыстардың тиімділігін көрсетеді. Барлық іс-шаралар аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Мұндай кешенді жұмыстар Қаратау ауданының дамуын жеделдетіп, оның тұрғындары үшін қолайлы, қауіпсіз және заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да аудандағы барлық инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындардың жайлы өмір сүру жағдайлары қамтамасыз етіледі.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ДЕБАТАМ СТАРТОВАЛ В ШЫМКЕНТЕ

ШЫМКЕНТ: 15 тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары басталады

ШЫМКЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Пікір қалдырыңыз