aspan

ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ШЫРШАЛАР ҚОЙЫЛЫП, АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА МҰЗ АЙДЫНДАРЫ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ШЫРШАЛАР ҚОЙЫЛЫП, АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА МҰЗ АЙДЫНДАРЫ АШЫЛДЫ. Шаһардың Астана алаңында қаланың басты Жаңа жылдық шыршасының шамдары салтанатты түрде жағылып, шаһарды ерекше мерекелік көңіл-күйге бөледі. Үйлесімді тақырыптық безендіру мен мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы алаңды нағыз ертегі әлеміне айналдырды. Кішкентай қонақтар үшін түрлі аттракциондар әзірленіп, аумаққа 80-нен астам табиғи шырша сән берді.
Айта кетерлігі, биыл Жаңа жылдық шамдар бір мезетте қаланың бес ауданында жағылды. Еңбекші ауданында – Алатау саябағында, Әл-Фараби ауданында – Арбатта, Тұран ауданында – Достық үйі аумағында, Абай ауданында – Наурыз алаңында және Қаратау ауданында – Астана алаңында өткен бұл мерекелік сәттер Шымкентті біртұтас шаттыққа бөледі.
Негізгі салтанат басталардан бір сағат бұрын өткен мәнерлеп сырғанаудан көрсетілімдер кештің көркін аша түсті. Мұз айдынында халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері өз өнерлерін ортаға салды. Барлығы 15 спортшы қатысқан көрсетілімде ҚР спорт шеберлері мен дарынды жастар көрерменді тәнті етті.
Олардың қатарында Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері Олег Мельников, ҚР чемпионаттары мен Кубоктарының жеңімпазы Алика Халимова, ҚР Кубогының жеңімпазы Карина Исакова, жастар арасындағы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері Дмитрий Сергиенко және басқа да талантты спортшылар бар.
Бағдарлама аясында қысқа және еркін бағдарламалар, сондай-ақ әсерлі топтық би қойылымдары ұсынылды. «Ангелы» (Eklipse – Clocks) композициясын 8 спортшы орындаса, «Батл» (Адай күйі) қойылымын 4 спортшы шеберлікпен көрсетті. Бұл шара жас спортшылардың өнерін шыңдап қана қоймай, мәнерлеп сырғанауды кеңінен насихаттауға және қала тұрғындарына жоғары деңгейдегі спорттық-мәдени кеш сыйлауға бағытталды.
Сонымен қатар, Жаңа жыл қарсаңында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте алғаш рет ашық аспан астындағы мұз айдындарының ашылуы тұрғындар үшін ерекше қуаныш болды. Қысқы демалыс аймақтарын дамытуға бағытталған бұл бастама белсенді демалыс пен таза ауада серуендеуге тамаша мүмкіндік сыйлады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ 200-ДЕН АСА ОТБАСЫҒА ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: В ИНДУСТРИАЛЬНЫХ ЗОНАХ РЕАЛИЗУЮТСЯ НОВЫЕ ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОЕКТЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРА СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Пікір қалдырыңыз