aspan

ШЫМКЕНТ: ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Соңғы жылдары Шымкент қаласы еліміздің экономикасындағы стратегиялық маңызы бар мегаполис ретінде айқындала түсті. Қалада индустрияны дамыту, инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі саясат жүргізіліп келеді. Оның нәтижесі 2025 жылдың қаңтар-қараша айларындағы негізгі экономикалық көрсеткіштерден көрініс табуда. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов брифинг барысында мәлімдеп, 11 айда атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасады.

 

Экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күші болып саналатын өнеркәсіп саласы қаланың тұрақты дамуына маңызды үлес қосуда. Бүгінде Шымкент қаласында 808 өнеркәсіп кәсіпорны белсенді жұмыс істейді. Оның ішінде 710 кәсіпорын өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, бұл қаланың экономикасының шикізаттық емес секторға бет бұрғанын айқындайды.

 

2025 жылдың 11 айында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 362,9 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9 пайызға артты. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент республика өңірлері арасында 5-орында тұр. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі ерекше назар аудартады. Осы салада 1 218,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 115,8 пайызды құрады. Мұндай көрсеткіш қаланы өңірлер арасында 3-орынға шығарды.

 

Сарапшылардың пікірінше, бұл нәтиже өндірісті әртараптандыру, технологиялық жаңғырту және өндірістік қуаттарды модернизациялау саясатының нәтижесі болып отыр. Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі өсім химия, машина жасау, тамақ өнімдері мен сусындар өндірісі, қағаз және пластмасса бұйымдары салаларында байқалады. Бұл бағыттар ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар экспорттық әлеуетті арттыруға да мүмкіндік береді.

 

Қала билігі өнеркәсіптің дамуын қолдау үшін инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлуде. Жыл басынан бері жаңа кәсіпорындар мен өндірістік кешендер құрылып, қазіргі заманғы технологиялар енгізілуде. Бұл өз кезегінде жұмыс орындарын көбейтуге, кәсіпкерлердің белсенділігін арттыруға және қаланың экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

 

Сонымен қатар, экономиканың шикізаттық емес секторға көшуі инновациялық жобаларды дамытуға, өндірісті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге және өнім сапасын арттыруға мүмкіндік беруде. Қаладағы кәсіпкерлік субъектілері өндірісті әртараптандыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырып, химия, машина жасау, тамақ және сусындар өндірісінде, сондай-ақ қағаз бен пластмасса бұйымдары саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

 

Осылайша, 2025 жылдың 11 айында Шымкент қаласында өнеркәсіптің тұрақты дамуы, өңдеу саласының өсімі және инвестициялық жобалардың іске асырылуы қаланың экономикалық әлеуетін арттыруға, жұмыс орындарын көбейтуге және өңірлік экспорттық мүмкіндіктерді нығайтуға бағытталған жүйелі саясаттың айқын дәлелі болып отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанның сұлу боксшысы Тайландта жұлдызға айналды

Южно-Казахстанский высший медицинский колледж в течение пяти лет незаконно присваивал стипендии студентов.

БАДАМ АЙМАҒЫНДАҒЫ СУ ЖАҒАЛАУЫ НЫҒАЙТЫЛУДА

Пікір қалдырыңыз