aspan

ҚАЛА ӘКІМІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бизнес-қоғамдастық өкілдерімен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуін өткізді. Іс-шара кәсіпкерлер мен қала әкімдігі арасында бизнесті дамыту және қаланың инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері бойынша маңызды ашық диалог алаңы болды. Кездесу барысында бизнестің дамуына тікелей әсер ететін өзекті мәселелер талқыланды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шараларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, арнайы салық режимі мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету, орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жүйелі мәселелер сөз болды.

Ғабит Сыздықбеков, сонымен қатар, экономиканы нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бірқатар инвестициялық жобаның жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Биылғы 11 айда Шымкент қаласына тартылған инвестиция көлемі 715,2 млрд теңгеден асты.

Бұған қоса, Астанада өткен Жаһандық инвестициялық форум аясында жалпы құны 863 млн АҚШ долларын құрайтын бес ірі жобаны іске асыру жөнінде келісімдерге қол қойылды.

Мегаполис басшысы бизнесті тікелей Шымкент қаласында тіркеудің маңыздылығын да атап өтті. Әкімнің айтуынша, өндіріс қала аумағында орналасып, ал заңды тіркеу басқа өңірлерде жүргізілетін тәжірибе жергілікті бюджеттің толыққанды толығуына мүмкіндік бермей, қаланың экономикалық дамуын тежейді.

Кездесу соңында қала әкімі кәсіпкерлерге сындарлы ынтымақтастық пен бірлескен бастамаларды іске асыруға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді. Әсіресе, бағаны тұрақтандыру және инфляцияны тежеу жөніндегі шараларға қосқан үлестері атап өтілді, бұл қала тұрғындары үшін айрықша маңызға ие.

Қала әкімі, сондай-ақ, Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және жоғары әлеуметтік жауапкершілігі үшін бірқатар кәсіпкерді алғыс хаттармен марапаттады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

SHYMKENT NOMAD FILM FESTIVAL: ЖАС КИНОГЕРЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БӘЙГЕСІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ШЫМКЕНТ: АУДАН АУМАҚТАРЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Шымкентте іскер әйелдерге арналған семинар өтті

Пікір қалдырыңыз