aspan

ШЫМКЕНТ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА ҚАРАЙ ҚАДАМ БАСУДА

Шымкент қаласы денсаулық сақтау саласында 2026 жылы ауқымды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы шаралар тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету, алдын алу шараларын күшейту және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған.
Ең ірі бастамалардың бірі – қала «Салауатты қалалар» Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық желісіне қосылады. Бұл шеңберде «Салауатты университет», «Салауатты ауруханалар», «Салауатты жұмыс орындар» және Жастар денсаулық орталықтары сияқты профильдер енгізілетін болады. Қаланың денсаулық профилі жасалып, қысқаша талдау жүргізілді. Шымкент әкімінің өкімімен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді.
2026 жылы амбулаториялық онкологиялық көмек орталығы ашылады, сондай-ақ № 1 және № 2 қалалық клиникалық ауруханалар базасында ЧКВ орталықтары модернизацияланып, жаңа заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Қалада сүйек кемігін трансплантациялау арқылы емдеу әдісі енгізілмек.
Мектептерді стоматологиялық кабинеттермен жабдықтау жұмыстары жалғасып, 16 жаңа кабинет ағымдағы жылдың соңына дейін ашылады, ал 2026 жылы кезең-кезеңімен тағы да кабинеттер іске қосылады. № 2 қалалық аурухана негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы «Нефрологиялық орталық» құрылысын бастап, жыл соңына дейін ашу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, 4 емхана (№№ 4, 9, 10, 11) сенімгерлік басқаруға беріледі. Кең бейінді мейіргерлерді дайындау, жас мамандарды жұмысқа тарту және патронаж дағдыларын жетілдіру бағытында арнайы бағдарламалар іске қосылады. Дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлердің біліктілігін менторлық жолмен, мастер-класстар арқылы және шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарында арттыру жоспарланған.
2026 жылы № 3 қалалық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Қалалық диагностика орталығының А1 корпусы реконструкцияланады. Барлық жоспарланған жобалар қалалық денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртып, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Бала өмірінің қауіпсіздігі туралы ата — ананың рөлі

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ ШЫМКЕНТА ЗА ПОСЛЕДНИЕ 10 МЕСЯЦЕВ СОСТАВИЛ 14,8%

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Пікір қалдырыңыз