aspan

ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында тұрғын үй саясатын жүйелі дамыту және халықты қолжетімді баспанамен қамту мақсатында бірқатар мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жұмыс істеп жүрген жастарға арналған жалдамалы тұрғын үйлер бағдарламасы шеңберінде бүгінгі күнге дейін 3 849 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Соңғы бес жылда берілген пәтерлер саны кезең-кезеңімен артып, 2020 жылы – 904, 2021 жылы – 300, 2022 жылы – 857, 2023 жылы – 888, 2024 жылы – 900 пәтерді құрады. Қазіргі таңда бағдарламаның талаптарына сәйкес алғашқы кезеңде пәтер алған азаматтарды тұрғынжайдан шығару және оларды коммуналдық меншікке қайтару жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 576 отбасының пәтері мемлекет балансына қайтарылды.

Сонымен қатар, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға бағытталған «Қамқор» өңірлік бағдарламасы аясында Шымкент қаласы әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ арасында өзара әріптестік орнатылып, 20,2 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Оның ішінде бүгінгі таңда 9,5 млрд теңге толық игерілді. Бағдарлама арқылы 484 азамат несиелік тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Алайда 179 азаматқа банк тарапынан төлем қабілетінің жеткіліксіздігі, тұрақты табыстың болмауы немесе несие тарихының талапқа сай келмеуіне байланысты бас тарту берілген. Бұдан бөлек, 205 азамат өзге тұрғын үй бағдарламалары арқылы пәтер алып қойған немесе банкке өтінім тапсырмаған. Қазіргі уақытта 22 азаматтың құжаттары қаралу сатысында тұр.

Босатылуы тиіс тұрғын үйлер бойынша 314 пәтерге қатысты сот органдарына талап-арыздар жолданды. Оның ішінде 266 отбасы бойынша сот шешімі әлі күтілуде. Сонымен бірге, Абай ауданының Бозарық шағын ауданында орналасқан 444 пәтерлік 12 несиелік тұрғын үйге конкурс жарияланып, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардан өтінімдер қабылданды. «Қамқор» бағдарламасы аясында 404 азаматтың төлем қабілеттілігі расталып, нәтижесінде 401 азамат баспанамен қамтылды, ал қалған өтінімдер банк тарапынан қаралуда.

Аталған кешенді шаралар қала тұрғындарын, әсіресе жастар мен әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамту деңгейін арттыруға, тұрғын үй қатынастары саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуге және мемлекеттік тұрғын үй саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

145 ҰЛАН ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН АДАЛ АТҚАРУҒА СЕРТ БЕРДІ  

 Мерекелік күндердегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

ШЫМКЕНТТЕ «МЫҢ ЖҮЙРІК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Пікір қалдырыңыз