aspan

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРЕНАЛАРДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары Дубай қаласында өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрі бойынша сынға түскен 60 пара спортшының нәтижесінде жалпыкомандалық есепте VI орынға ие болды. Аталған жарысқа 45 елден 1500-ден астам спортшы қатысып, тартысты дода 10–14 желтоқсан аралығында өтті.
Бұл халықаралық жарыста Шымкент қаласынан 3 спортшы ел намысын қорғап, жоғары нәтижелер көрсетті. Голбол спортынан шымкенттік Төлесінов Абыл мен Тас Сырлыбек Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Олар топтық кезеңде бірінші орын алып, жартылай финалда Иран құрамасын 7:4 есебімен ұтса, финалда Оңтүстік Корея командасын 9:6 есебімен жеңді. Айта кетейік, голбол сайысына 11 елдің құрамалары қатысқан.
Пара таеквондо бәсекесінде Шымкент спортшысы Санжар Артықбай (-80 кг) күміс жүлдегер атанды. Ол Сауд Арабиясы мен Жапония спортшыларын жеңіп, финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Өзбекстан өкіліне жол берді. Бұл спорт түрі бойынша жарысқа 19 елден 92 пара спортшы қатысқан.
Шымкент спортшылары республикалық деңгейде де табысты өнер көрсетті. 2025 жылғы 12–14 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен бокстан жарыста топтық кезең қорытындысы бойынша Қарағанды, Астана, Маңғыстау және Шымкент командалары жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда Шымкент құрамасы Қарағанды командасын 9:6 есебімен жеңсе, финалда Астана боксшыларын дәл осындай есеппен жеңіп, чемпион атанды.
Финалдық кездесуде Шымкент қаласының боксшылары айрықша нәтиже көрсетті. Ерлер арасында 50 кг салмақта Сүлеймени Тілеуберді, 60 кг-де Серікбай Асылжан, 65 кг-де Османов Нұрлыбек, 70 кг-де Үзенбаев Нұрлыбек және 90+ салмақта Асылхан Расул жеңімпаз атанды. Ал әйелдер арасында 50 кг салмақта Рахымберді Жансая, 54 кг-де Базаров Элина, 65 кг-де Есенкелді Лаура және 70 кг салмақта Нуршаева Мадина қарсыластарынан басым түсті.
Халықаралық және республикалық ареналардағы бұл жетістіктер Шымкент спортшыларының жоғары дайындығы мен спорттық әлеуетінің артып келе жатқанын айқын көрсетеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА ТҰР

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ – ӘДІЛДІК, ЖЕҢІЛДІК ЖӘНЕ ДАМУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚАДАМ

Пікір қалдырыңыз