aspan

ТҰРАН АУДАНЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК БЕЗЕНДІРУ ЖӘНЕ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

ТҰРАН АУДАНЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК БЕЗЕНДІРУ ЖӘНЕ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ. Тұран ауданында 2025 жылғы жаңа жыл мерекесіне орай мерекелік безендіру жұмыстары ұйымдастырылады. Аудан аумағының басты шыршасы «Абай» саябағына орнатылып, орталық алаңдар мен аллеялардағы ағаштар жарықдиодты шамдармен және архитектуралық кіші пішіндермен (мафтар) безендірілмек.

Мерекелік безендіру жұмыстарын «Қарағанды Көркем» ЖШС жүзеге асырады. Биылғы жылы аудан аумағын безендіруге 17 621 581 теңге бөлінген. 2024 жылдан қалған 8 элемент жаңартылып, қосымша 16 жаңа элемент, 100 дана кронштейн және 16 кіші сәулеттік пішін орнатылмақ. Жалпы, аудан аумағына 1 басты шырша және 24 кіші сәулеттік элемент қойылады.

Салтанатты шара 21 желтоқсан күні сағат 19:00-де «Достық үйі» ғимараты аумағында ұйымдастырылады. Мерекелік концерттік іс-шара барысында аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын әртүрлі қойылымдар ұсынылады. Ауданның орталық көшелері – «Аналар аллеясы», «Абай саябағы», Темірлан тас жолы бойындағы аспалы көпір, Б.Момышұлы көшесі, Бейбітшілік көшесі және Ғ.Ильяев көшесі бойындағы ағаштар да жарықдиодты шамдармен безендірілмек. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен ірі коммерциялық нысандар өз қаражатымен ғимараттарын мерекелік түрде безендіреді.

27 желтоқсан күні сағат 10:30-де №2 Оқушылар сарайында 400 балаға арналған «Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт» тақырыбында аудан әкімінің шыршасы ұйымдастырылады. Іс-шара барысында балаларға концерттік қойылымдар мен жаңа жылдық сыйлықтар ұсынылады. Мерекеге шақырылғандар қатарында жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ мектеп, спорт, шығармашылық немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар бар.

Жаңа жылдық іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға қуанышқа, сиқырға және ғажайып атмосфераға толы ұмытылмас мереке ұйымдастыру. Қаралған қаржы көлемі

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

208 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРНАЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАДЫ

МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН МЕТАЛДАРДЫ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТЫҢ БІРІ САНАЛАДЫ

Пікір қалдырыңыз