aspan

ШЫМКЕНТ: СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТ: СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДАҚала тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорттық инфрақұрылымға қолжетімділікті арттыру бағытында Шымкентте жүйелі жұмыстар жалғасуда. Астана қаласының Орталық коммуникациялар қызметі алаңында қала әкімі Ғ.Сыздықбеков бұл жұмыстар туралы кеңінен атап өтті.Жыл басынан бері қала спортшылары Қазақстан, Азия және Әлем чемпионаттарына қатысып, жалпы 827 алтын, 753 күміс, 793 қола медаль жеңіп алды.

Спорт инфрақұрылымын дамытуда биыл Шымкент мұнай өңдеу зауытының әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2 модульді спорт кешені пайдалануға берілді (Бадам, Қарабастау елді мекендері). «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы 2 модульді спорт кешені салынуда (Қайнарбұлақ тұрғын алабы және №2 оқушылар сарайы аумағында).

Демеушілер есебінен орталық Қажымұқан стадионында қайта жөндеу жұмыстарымен бірге, халықаралық стандартқа сай келетін жеңіл атлетикаға арналған жүгіру жолақтары жасалынып, футбол алаңының табиғи газоны ауыстырылды.

Сонымен қатар, қалада ірі спорт кешендерінің құрылысы да қолға алынған. Олардың қатарында жаңа жаттығу орталықтары, жүзу бассейндері және көпфункционалды спорт залдары бар. Инфрақұрылымды дамыту жұмыстары спортшылардың кәсіби деңгейде дайындалуына жағдай жасап, бұқаралық спортқа қызығушылықты арттыруға ықпал етпек.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, спортқа қолжетімділікті қамтамасыз ету — дені сау ұрпақ қалыптастырудың басты бағыттарының бірі. Сондықтан да бұл саладағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Осындай демеушілер есебінен қаламызда алғаш рет, тұрғындардың қысқы демалысын тиімді өткізу мақсатында 3 аумаққа 6 мың шаршы метр құрайтын ашық мұз айдындары салынды.

Сонымен қатар, «Шымкент арена» және паралимпиада мен сурдлимпиада спорт түрлері бойынша арнайы орталық құрылысын келесі жылы бастау жоспарланып отыр.

Одан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, келесі жылы «Опера және балет» театрының жаңа ғимаратының құрылысын басталады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ ҮЗДІК АТАНДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ СТЕНД АТУ БОЙЫНША VI ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫНДА КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ I-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ!

ЕСІРТКІ САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

Пікір қалдырыңыз