aspan

ШЫМКЕНТ: АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА 6,6 ТРЛН ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ЖҰМЫЛДЫРЫЛМАҚ

ШЫМКЕНТ: АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА 6,6 ТРЛН ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ЖҰМЫЛДЫРЫЛМАҚ

🔷 Өңір экономикасын тұрақты дамыту мақсатында мегаполис басшылығы алдағы 5 жылда 6,6 триллион теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шымкентке жұмылдырылған инвестиция туралы баяндады.

🔷 – Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, өңірге инвестиция тарту – стратегиялық міндетіміз. Бұл ретте инвесторларға қолайлы жағдай жасап, тұрақты қолдау көрсетіп келеміз. Соңғы 3 жылда қала экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция жұмылдырылса, оның 75 пайызы – жеке инвесторлар есебінен. Орташа жылдық өсім 11 пайызды құрады. Бүгіннің өзінде жалпы құны 4,6 триллион теңге болатын 221 инвестициялық жобаның пулы жасақталды. Бұл инвестициялық жобалар аясында 29 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады, – деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.

🔷 Мегаполис әкімі баспасөз жиынында Шымкенттегі ірі жобаларды атап өтті:

🔷 «Alsera KZ» түрік компаниясымен құны 322 млрд теңгені құрайтын 650 гектар жерге еліміздегі ең үлкен заманауи жылыжай кешенінің құрылысы 2024 жылы басталып, биыл құны 98 млрд теңгені құрайтын бірінші кезеңнің құрылысы аяқталды. Нәтижесінде 42 гектар жылыжайдан алғашқы өнім жиналды;

🔷 Польшаның «Fabe Agro» компаниясымен құны 68 млрд теңгені құрайтын жоғары технологиялы жылыжай құрылысын салуға 144 гектар жер телімі бөлініп, құрылыс басталды. Мұнда жылына 36 мың тонна қызанақ пен қияр өнімі алынып, 800-ден астам адам жұмыспен қамтылмақ;

🔷 Түркиялық «YDA Group» компаниясымен 313 млрд теңгеге өндірістік технологиялық материалдар өндіру және отандық «INTERTRANS» компаниясымен 80 млрд теңгеге мұнай өнімдерінен ұнтақталған полипропилен өндіретін зауыт салу көзделуде;

🔷 Жуырда Астана қаласындағы инвестициялық форумда қытайлық «Shaanxi Construction Engineering» компаниясымен құны 55 млрд теңгеге тұрмыстық қалдықты жағу арқылы қуаттылығы 24 мВт электр энергиясын өндіру бойынша келісім жасалып, жобаны іске асыруға қоқыс полигоны жанынан 12 гектар жер телімі бөлінді.

🔷 Мұның барлығы қалаға инвестиция жұмылдыру бағытындағы жұмыстың оң нәтижесін көрсетеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЛАМЫЗДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ЖИІЛЕП ОТЫР

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ — ХАЛЫҚТЫҚ ДУМАНҒА ҰЛАСТЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

БИЫЛ ОБЛЫСҚА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ 543,5 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫНА ЖЕТТІ

Пікір қалдырыңыз