aspan

РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ: ШЫМКЕНТТІҢ КӨШЕЛЕРІ 100% ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ: ШЫМКЕНТТІҢ КӨШЕЛЕРІ 100% ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

Мегаполисте көшелер мен жолдарды жарықтандыру жұмысы соңғы 2 жылда 40 есе ұлғайып, рекордты көрсеткішті қамтыды.
Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндады.
Тұрғындарға қолайлы орта құрумен бірге, қала қауіпсіздігі үшін түнгі жарықтандыру мәселесі де өте маңызды. 2023 жылға дейін Шымкентте жыл сайын орта есеппен 115 көше жарықтандырылып, қамту деңгейі 30 пайызды құраған. Жалпы, сол кезеңге дейін 2 028 көше жарықтандырылған болатын. Ал соңғы екі жылда осы бағыттағы жұмыс көлемі 40 есеге ұлғайтылып, қосымша 4 686 көше жарықтандырылды. Нәтижесінде түнгі жарықтандыру көрсеткіші жыл соңына дейін 100 пайызды құрайды, – деді Ғабит Сыздықбеков.
Бұл бағытта 2024-2025 жылдар аралығында көшелердің бойына 95 223 жарықшамы орнатылды.
2024-2025 жылдары кешенді паспорттау жұмысы жүргізіліп, қазіргі таңда Шымкенттің жол желісі бойынша жалпы ұзындығы 3 840 шақырымнан асатын 6 882 көше бар.
Шымкент – дамуы қарқынды, уақытпен үндесе жаңарып келе жатқан мегаполис. Соңғы екі жылда қалада атқарылған инфрақұрылымдық өзгерістер үлгі боларлық жаңа стандарт қалыптастырды.

Атап айтқанда, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан:

Абай ауданында 721 көшеге 12 787 жарық шамы;
Әл-Фараби ауданында 72 көшеге – 776 шам;
Еңбекші ауданында 239 көшеге – 7 096 шам;
Қаратау ауданында 413 көшеге – 10 253 шам;
Ал Тұран ауданында 313 көшеге 4 306 жарық шамы қойылған.
Жылдың соңына дейін тағы 985 көшеге шамдар орнатылып, қала көшелерін жарықтандыру көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланған.

Айта кетейік, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2024 жылы қала аумағындағы 1238 көшеге 33 422 жарық шамы орнатылып, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының теңгеріміне өткізілген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦЕЙЛЕР КҮДІКТІЛЕРДЕН ІРІ КӨЛЕМДЕ «СИНТЕТИКА» ТӘРКІЛЕДІ

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу енді тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы мүмкін

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Пікір қалдырыңыз