aspan

ШЫМКЕНТТЕ 1 000-нан АСТАМ ШАҚЫРЫМ АСФАЛЬТ САЛУ ЖОСПАРЛАНЫП, ОНЫҢ 97 ПАЙЫЗЫ ОРЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысы жергілікті жолдардың 95 пайызын жақсартуды тапсырған болатын. Осыған орай, өткен жылы 270 шақырым жолға асфальт төселсе, биыл 1 000-нан астам шақырым асфальт салу жоспарланып, оның бүгінде 97 пайызы орындалды. Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Астанада өткен брифингте атап өтті.

Әкімнің айтуынша, жыл соңына дейін қаладағы қоныстанған елді мекендер толығымен асфальт жолмен қамтылатын болады.

Жоспарланған жобалар аясында магистральды көшелермен бірге ішкі орамдық жолдар да жөнделіп, тұрғындардың қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасалуда. Сонымен қатар, жол бойындағы инженерлік инфрақұрылым жаңартылып, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар мен жарықтандыру жүйелері орнатылуда.

Қалған жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде. Қалалық әкімдік жол сапасына ерекше назар аударып, мердігерлерге жұмыстарды мерзімінде әрі сапалы орындау туралы талап қойып отыр.

Мемлекет басшысының өңірге іс-сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, биыл А-2 айналма жолының негізгі бөліктері қайта құрудан өтіп, қала арқылы өтетін транзиттік көліктерге жағдай жасалатын болады.

Қаланың орталығын Ташкент – Алматы тас жолымен байланыстыратын Қонаев даңғылының жалғасын келесі жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.

Сол сияқты, халыққа қажетті қаланың шығыс бөлігі мен орталығын байланыстыратын 2 ірі теміржол өткелінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Соңғы жылдары қала арқылы өтетін транзиттік жүк көліктерінің саны жылдан-жылға артып, жолдардың тез бұзылуына септігін тигізіп отыр.

Сондықтан, қалаға кіретін 3 негізгі бағыттағы көшелерге артық жүк тиеген автокөліктерді автоматты түрде анықтайтын жүйе іске қосылды Келесі жылы қосымша 6 бағытқа орнату жоспарлануда.

Президенттің әуежайды халықаралық заманауи мультимодальды хабқа айналдыру бойынша берген тапсырмасына сәйкес, бүгінде әуежайдың жаңа ұшу-қону жолағын салу жұмыстары басталды.

«Бұл жоба қаланың логистикалық мүмкіндіктерін арттырып, өңірлік хаб ретінде дамытуға серпін береді»-деді, қала басшысы өз сөзінде.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: КӨКСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫНДА 35 ОТБАСЫ ЖАҢА ҚОНЫСҚА КӨШТІ

ЗАҢСЫЗ САУДАМЕН АЙНАЛЫСҚАН КӘСІПКЕРГЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

Абай университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды

Пікір қалдырыңыз