aspan

АСТАНАДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫ ӘШКЕРЕЛЕДІ

Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері интернет-алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл жолы күдікті OLX онлайн-сату платформасында вип сим-карта сатамын деген желеумен жәбірленушінің сеніміне кіріп, ақшасын иемденген.

Тергеу деректеріне сәйкес, белгісіз тұлға интернет-ресурсқа жалған хабарлама жариялап, өзіне қоңырау шалған азаматқа сим-картаны тиімді бағамен сататынын айтып, оны алдаған. Жәбірленуші көрсетілген банктік шотқа шамамен 20 мың теңге аударғаннан кейін, күдікті байланысқа шықпай, тауарды да жолдамаған. Осылайша ол азаматтың ақшасын заңсыз иемденген.

Дәл осындай іске қатысты 3 эпизод бар екені анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шараларының арқасында күдікті ұсталып, кінәсін толық мойындады.

Астана қаласы полиция департаменті тұрғындарға интернет арқылы сауда жасау кезінде аса мұқият болуға кеңес береді. Бейтаныс сатушыларға алдын ала төлем жіберуден бас тартып, тауарды тек қолма-қол көру және тексеру арқылы алуды ұсынады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КІТАП ОҚИТЫН ҚАЛА: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСУДА

ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН МЕКТЕПТЕР БАҚЫЛАУДА

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ҚАРАЛДЫ

Пікір қалдырыңыз