aspan

АЙКӨЛ ТҰРҒЫН АЛАБЫ САПАЛЫ АУЫЗСУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі тұрғындармен бірге Айкөл тұрғын алабындағы ауыз су жүйесінің іске қосылуына қатысты. Бұған дейін әкіммен болған кездесуде тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтіп, нәтижесінде осы жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданған болатын.
Жоба аясында 14,7 шақырым су құбыры жүргізілді. Енді жеке үйлер мен әлеуметтік нысандар – жалпы 38 нысан толық ауызсумен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл санитарлық-гигиеналық жағдайды айтарлықтай жақсартып, қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қала әкімі демеушілерге және мердігер ұйымға жұмысты уақытында және сапалы аяқтағаны үшін алғысын білдірді. Әкімдіктің, кәсіпкерлердің және аудан тұрғындарының бірлескен жұмысының нәтижесінде жоба қысқа мерзімде іске қосылып отыр.
Айкөл тұрғын алабында су жүйесінің іске қосылуы – тұрғындармен ашық диалогтың және өмір сапасын жақсартуға бағытталған жедел шаралардың нәтижесі. Алдағы уақытта қаладағы коммуналды инфрақұрылымды дамыту жұмысы жалғасып, тұрғындарға барлық қажет жағдай жасалатын болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанның ет өңдеу саласы оң даму динамикасын көрсетуде. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 213 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 34-інде сою цехтары бар, ал 179-ы — шағын және орта кәсіпорындар.

Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

«Атамекен» ҰКП төрағасы мен Шымкент әкімі отандық өндірушілерді қолдау жайын талқылады

Пікір қалдырыңыз