aspan

«Silk Way Star» халықаралық вокалдық байқауы мәресіне жетті

Кеше еліміз үшін үлкен жоба – «Silk Way Star» халықаралық вокалдық байқауы мәресіне жетті. Аталған жоба Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен China Media Group (CMG) арасындағы келісім аясында жүзеге асырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында «Jibek Joly / Silk Way» телеарнасының басқарушы директоры Еркежан Күнтуған хабарлады.
«Жалпы, жобаның негізгі мақсаты – Жібек жолының бойындағы елдердің мәдениетін байланыстыру, жандандыру. Қыркүйектің 20-сы күні алғашқы бөлім көрермен назарына ұсынылды», – деді спикер баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, Silk Way Star жобасы 10 бөлімнен тұрды. Апта сайын 12 елдің қатысушысы түрлі тақырыпта өнер көрсетіп, өз мәдениетін таныстырды, өз елдерінің әнін орындады. Қазақтың халық әндерін және Қазақстанның жас өнерпаздарының туындыларын шырқады. Бұдан бөлек, Silk Way Star жобасы Қырғызстан, Әзербайжан, Моңғолия, Өзбекстан, Грузия, Армения телеарналарынан көрсетілді. Ал 22 қарашада өткен финал бес елде тікелей эфирде тарады. «Jibek Joly» телеарнасында жоба қазақ тілінде көрсетілсе, Silk Way телеарнасында ол алты тілде ұсынылды.
«Silk Way телеарнасында тікелей эфир сигналымызды алып жатқан сырт елдердің барлығы синхронды аударма арқылы қырғыз, өзбек, ағылшын, түрік тілдерінде жобаны көрсетті», – деді Еркежан Күнтуған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Құрметті Шымкент қаласының мотокөлік жүргізушілері ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап заңнамаға өзгерістер еңгізіледі,оған сәйкес мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі.Бұл көліктің осы түрінің иелері үшін жаңа ережелерді талап етеді

ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС ФАКТІСІ АНЫҚТАЛЫП, АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Полиция мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар мал ұрлаушылар тобын ұстады

Пікір қалдырыңыз