aspan

ШЫМКЕНТТЕ «МИРАС» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭТНОДИЗАЙНЕРЛЕР ФОРУМЫ РЕСМИ ТҮРДЕ АЯҚТАЛДЫ

Мегаполисте үш күн бойы түркі әлемінің бірлігі мен рухани сабақтастығын дәріптеген маңызды мәдени іс-шара – «Мирас» халықаралық түркі сән этнодизайнерлерінің форумы өз мәресіне жетті.
Форум түркі халықтарының ортақ мұрасын жаңғыртуға, сән-қолөнер саласындағы шығармашылық байланыстарды кеңейтуге және этнодизайн бағытындағы жаңа үрдістерді талқылауға арналған ауқымды алаң ретінде бағаланды.
Үш күнге созылған форум барысында түбі бір түркі жұртының бай мұрасын жаңғыртуға бағытталған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды: ғылыми-танымдық конференция, сән дефилесі, шеберлік сағаттары мен қолөнер жәрмеңкесі өткізіліп, этнодизайн саласындағы үздік мамандар өзара тәжірибе алмасты, тың идеяларын бөлісті.
Форум түркі мәдениетінің амбассадоры саналатын «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің «Тамыр» атты әсерлі концертімен қорытындыланды.
Концерт барысында қазақ, түрік, қырғыз, әзірбайжан, өзбек, түрікмен, саха, алтай, ноғай және мажар халықтарының төл музыкалық шығармалары орындалып, түркі әлемінің ұлттық әуендері бір сахнада тоғысты, түбі бір түркі халықтарының ортақ рухани тамырластығының айқын көрінісіне айналды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ҚАЛАМЫЗДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ЖИІЛЕП ОТЫР

ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛЫС, ЖОЛ САЛАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Пікір қалдырыңыз