aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР ІРІ КӨЛЕМДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІН ТӘРКІЛЕДІ

Алматыда полицейлер ірі көлемде тыйым салынған темекі өнімдерін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қаласы криминалдық полициясының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде электрондық темекі құрылғылары мен темекі өнімдерінің заңсыз айналымымен байланысты ірі құқық бұзушылық анықталды.

Жедел іс-шаралардың қорытындысы бойынша заңсыз айналымнан 17 мыңнан астам электрондық құрылғы және 13 мыңнан жоғары темекі өнімдерінің қорабы тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген барлық өнім процессуалдық тәртіппен іске тіркелді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстан уақыт жағынан Мальдив пен Амстердаммен тең болады

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ МЕН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ ДАМУДА

Ғылыми әлеуетті нығайтатын қадам

Пікір қалдырыңыз