aspan

ЕСІРТКІ САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

Ақмола облысының Ақкөл қаласында полицейлер есірткі сатушыны ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz. Ақмола облысының полиция қызметкерлері тыйым салынған заттарды таратумен күресті қарқынды түрде жалғастыруда. Елорданың маңындағы Ақкөл қаласында жүргізілген кезекті жедел операция барысында жедел уәкілдер 35 жастағы есірткі сатушыны қолға түсірді.

Ұстау сәтінде күдікті шартты сатып алушыға салмағы 4 гр кептірілген марихуананың бір дозасын сатқан. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында полицейлер алдын ала сатуға дайындалған тыйым салынған заттары бар полиэтилен пакеттер мен қораптарды анықтады. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында фигурант ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыда жазушы Еркінбай Әкімқұловтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Қазақстанның «ішкіш» адамдар көп тұратын өңірлері белгілі болды

Жұмыстан босатылған шенеуніктер мен судьяларға тағы бір мүмкіндік беріледі

Пікір қалдырыңыз