aspan

Астанада 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан қайтыс болды

8 қарашада кондиционердің құлауынан жарақат алған Ұлдана 18 қарашада өмірден озды. Бұл туралы Астана қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.

Қызметтік борышын атқару кезінде жарақат алған фельдшер бірнеше күн өте ауыр жағдайда болды. Сол күні ол сағат 10:30 шамасында шақыртуға барып, әріптестеріне көмектескен. Оның күйеуі Әділет Зейнельдің айтуынша, Ұлдана екі зардап шеккенді сыртқа шығарып үлгерген. Алайда ер адамды көтерген кезде үстіне кондиционер құлап, басына тиген.

Ұлдана бес жыл фельдшер болып жұмыс істеді.

Жақындары оған мамандығын өзгертуге кеңес берсе де, ол сүйікті ісінен бас тарта алмады. Сонымен қатар Ұлдана жақында ғана некелерін рәсімдеген.

Егер ол қазір мені естісе, мен оған қатты сағынғанымды және өте жақсы көретінімді айтатын едім, деді күйеуі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ «SHYMKENT DIGITAL CUP 2025» ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

АППАРАТ ОТЫРЫСЫНДА ҚАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН АЛДАҒЫ ҚЫСҚЫ МАУСЫМ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

Кәсіпкерлер палатасында жеке сот орындаушылар іс-әрекетінің заңдылығын сақтау мәселесі талқыланды

Пікір қалдырыңыз