aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЗАҢСЫЗ САТЫЛҒАН АЛКОГОЛЬДІК ӨНІМДЕРДІ ӘШКЕРЕЛЕДІ

Алматыда полицейлер заңсыз сатылған алкогольдік өнімдерді әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Профилактика жылы аясында ішкі істер министрі жариялаған «Полиция – заң мен тәртіптің қорғаушысы» ұранымен және «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы барысында Түрксіб ауданы бойынша полицейлер заңсыз алкоголь саудасын анықтауға бағытталған рейдтер жүргізді.

Тексерулер кезінде тұрғындар мен учаскелік инспекторлардан түскен шағымдар назарға алынып, алкоголь өнімдерін заңсыз сатуы мүмкін деген мекенжайлар қаралды. Тексеріс барысында тиісті лицензиясыз ішімдік сату фактілері анықталды. Заңсыз өнім тәркіленіп, сатумен айналысқан азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот материалдарды қарап, өнімді заңда белгіленген тәртіппен жою туралы шешім шығарды. Алматы қаласының полиция департаменті тұрғындарға заңсыз алкоголь сату – құқық бұзушылық екенін және заңда көзделген шаралармен жазаланатынын ескертеді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Наблюдается неуклонный рост числа сторонников АЭС – результаты трех соцопросов

Олимпиада финалисі артық салмағына байланысты жарыстан шеттетілді

Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Ташкенттегі дипломатиялық қызметін аяқтады.

Пікір қалдырыңыз