aspan

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕПТЕРГЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАППАЙ ЕНГІЗІЛІП ЖАТЫР

Жасанды интеллект – білім берудің жаңа мүмкіндіктері ! Мектеп оқушыларын жасанды интеллект арқылы қызықтыру – Шымкентте қолға алынған тың бастамалардың бірі. Қазіргі таңда өңірдегі бірнеше білім беру ұйымында информатика пәнінен бөлек, математика мен физиканы тереңдетіп оқытуда «ақылды» технологиялардың көмегі кеңінен қолданылып жатыр. Сонымен қатар отандық ІТ саласының жетекшілері бағдарламалау ісін жаңаша үйрету бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Бұл бастама оқушылардың технологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың цифрлық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік бермекші. Аймақтағы алты ІТ мектеп-лицейінде «ақылды» жүйелердің артықшылықтары қолданыла бастады. Мәселен, №80 білім беру ұйымының оқушылары жасанды интеллектіні пайдаланып, күнделік алгоритмін жасады. Бұл жүйе баланың бағаларын саралап, оқу үлгерімін талдайды. Үлгерімі төмендеген оқушыларды түр-әлпетті тану жүйесі анықтап, олардың сабаққа белсенді қатысуы үшін бірінші болып тақтаға шығуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың қиялынан туған теориялық жобалар STEAM кабинетінде тәжірибе негізінде шыңдалады. Мұнда бала жастан қауіпсіздік датчиктері құрастырылып, білім беру жүйесін жетілдіруге көмекші роботтар жасауға дағдыланады. 9-сыныпта оқитын Қарақат Бектемір «жасанды интеллект – жетістікке бастайтын қадам» деп есептейді. Шымкенттегі мектептердің 70%-і STEAM кабинеттерімен жабдықталған. Барлық білім беру ұйымдарында робототехника сыныптары құрылып, мұғалімдердің біліктілігі үздіксіз жетілдіріліп жатыр. Оқу жүйесіндегі жаңашылдықтар білім олимпиадаларында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау арқылы сыналып жатыр. Синус пен косинустың мәндерін есептеуде, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытуда ақылды жүйе көмекке келді. Алайда ІТ сарапшылар білім беру бағдарламасын одан әрі жетілдіру қажет деп санайды. Осыған байланысты аймақтағы мектептерге отандық инновациялық шешім ұсынылды. Қазақстанда әзірленген инновациялық стартапты Шымкенттегі білім беру ұйымдарына енгізу мәселесі әлі де талқылану үстінде. Сарапшылардың айтуынша, егер бұл жоба қолдау тапса, жасанды интеллект пен робототехниканың жаңа қырларын тануға мүмкіндік ашылады. Олар білім беру саласында материалдық базадан гөрі тиімді оқу бағдарламасының маңыздылығын ерекше атап өтеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЫҢДАҒАН ТҰРҒЫН АУЫЗ СУДЫ КӨШЕДЕГІ ҚҰДЫҚТАРДАН ІШУГЕ МӘЖБҮР – СЕНАТОР РҮСТЕМОВ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК-МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ПАНСИОНАТ АШЫЛДЫ

НАУРЫЗ, НАУРЫЗ АЛТЫ АЛАШҚА ҚОШ КЕЛДІҢ!

Пікір қалдырыңыз