aspan

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

2025 жылы Шымкент қаласында әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, кәсіпкерлікті дамыту, туризм мен креативті индустрияны ілгерілету, цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу, сондай-ақ инвестициялар тарту мен өнеркәсіп өндірісін арттыру бағыттарында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Әлеуметтік қолдау шаралары
Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында 2025 жылы 333-тен астам тұрғынға өтеусіз мемлекеттік гранттар берілді. Бұл қаржы жеке кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беріп, әрбір қатысушыға 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (1 572 800 теңге) ұсынылды. Жалпы 1756 өтініш қабылданып, комиссия шешімімен 336 азамат грант иегері атанды. Қаржы 333 адамға аударылды, ал екі азаматтың есепшоттары бұғатталуына байланысты гранттан бас тартуына тура келді.
Бірінші лек бойынша 134 азамат; оның ішінде 65 жеке кәсіпкер, 69 жұмыссыз, екінші лек бойынша 199 азамат; оның ішінде 101 жеке кәсіпкер, 98 жұмыссыз қолдауға ие болды. Грант иегерлері қатарында көпбалалы отбасылар 192 адам, мүгедектігі бар азаматтар 51 адам, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырғандар 59 адам, асыраушысынан айырылғандар 22 адам және атаулы әлеуметтік көмек алушылар 9 адам бар. Жобалар қызмет көрсету бойынша 151 жоба; оның ішінде өндіріс 53 жоба, кондитерлік және нан өнімдері 37 жоба, тігін өндірісі 35 жоба, жартылай дайын өнімдер 24 жоба, мал және құс шаруашылығы 12 жоба сынды бағыттарда жүзеге асырылуда. Мемлекеттік гранттар азаматтардың табысын арттырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етуде. Сонымен қатар, қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын бақылау мақсатында Еңбек мобильділігі орталығында арнайы мониторинг тобы жұмыс істейді. 2025 – 2029 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басым бағыттары қала экономикасын одан әрі дамыта отырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін тұрақты экономикалық өсуді, әлеуметтік әл-ауқатты және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, инфляция деңгейін және бағаның тұрақтылығын үдемелі төмендету жөніндегі міндеттерді шешу жалғастырылады.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының негізгі ережелерін ескере отырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары айқындалды:
• инфляция деңгейін кезең-кезеңімен төмендете отырып, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ жасанды тапшылықты, баға келісімдерін және жосықсыз бәсекелестікті құру мүмкіндігін жою;
• өнімділікті арттыру, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыру, қазақстандық тауарларды ішкі және сыртқы нарықтарға жылжыту;
• жылумен, сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй қорын жаңғырту, цифрлық теңсіздікті төмендету, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру, инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысын іске асыру;
• мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну арқылы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру;
• кәсіпкерлерлікті бастаушы тұлғаларға алдымен кәсіпкерлік білімін бере отырып, бәсекеге қабілетті бизнесті құруына көмек көрсету және бизнестің дамуына кедергі келтіретін түрлі тосқауылдардың болмауын әзірлеу. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын сауатты пайдаланып, іске асыратын жобаларын сүйемелдеу арқылы қолдау көрсету пакетін әзірлеу жұмыстарын жүргізу.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу туралы заңның талаптары түсіндірілді

Құрметті Байдеуова Алия Рысбаевна!

АППАРАТ ОТЫРЫСЫНДА ҚАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН АЛДАҒЫ ҚЫСҚЫ МАУСЫМ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

Пікір қалдырыңыз